17.10.2007, 17:28 2364

Еуропалық Одақ Иріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберіндегі ықпалдастықты нығайту үшін жасалған құжаттарды таныстырады

Еуропалық Одақ Иріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберіндегі ықпалдастықты нығайту үшін жасалған құжаттарды таныстырады.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ 19 қазанда өзінің қазақстандық әріптестерімен бірлесе отырып, Иріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберіндегі ықпалдастықты нығайтуға бағытталған, Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастың негіздемелік құралы болып табылатын екі маңызды құжатты таныстырады, деп хабарлайды агенттік Еуропалық комиссия өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімді атқару жоспары мен келісім бойынша басшылық құжаты деп аталған бұл құжаттар келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту және оның әлеуетін толыққанды жүзеге асыру үшін , соның ішінде Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі жаңа стратегиясы қабылдауына байланысты арнайы жасалған.

Бұл жоспар осы жылдың желтоқсан айында Брюссельде өтетін министрлер деңгейіндегі ынтымақтастық кеңесінің кездесі кезінде ресми түрде бекітуге ұсынылады.

Иріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге екі жақ 1995 жылы қол қойып, ол 1999 жылы алғашқы он жылға күшіне енген. Ол сауда-саттық, инветияциялар, транспорт, қауіпсіздік, білім беру және адам құқықтарына дейінгі екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелерді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны