02.07.2007, 16:19 3412

Еуропалық Одақтың Орталық Азия өңірінде мейілінше белсенді қызметі үшін саяси директивалар бірінші рет анықталды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Маусымның 21-22 күндері Еуропалық Одактың Брюссельде өткен саммитінде мақұлданған Стратегия аясында Еуропалық Одақтың Орталық Азия өңірінде мейілінше белсенді қызметі үшін саяси директивалар бірінші рет анықталды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бірінші рет Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы мақсаттары мен мүдделерін ашық және анық айқындаған, әрі барынша қарқынды ынтмақтастық жүргізетін салаларды атаған саяси өлшемдер пайда болды. Стратегияның мақсаты -диалог пен ашықтыққа бәс тігілетін, кең ауқымды ынтымақтастық",- деді Е.Ашықбаев.

Осы орайда елші 30 маусымда Берлинде Еуропалық Одақ Үштігі мен Орталық Азия мемлекеттері арасында министрлік деңгейде кездесу өткенін еске салды. Оның барысында Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Еуропалық одақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясын таныстырды. Осы кездесуге қатысатын қазақстандық делегацияға ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин басшылық етті. Іс-шараға сондай-ақ Еуропалық одақтың келесі төраға мемлекеті - Португалия Сыртқы істер министрі Луиш Амаду, Орталық Азия елдері бойынша Арнайы өкілі Пьер Морель, Қырғызстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Эднан Қарабаев, Тәжікстан сыртқы істер министрі Хамрохон Зарипов, сондай-ақ Өзбекстан және Түрікменстанның өкілі қатысты.

Стратегияда наурыздың 28-інде Астанада өткен "ЕО Үштігі және Орталық Азия елдері" кездесуінде талқыланған әзірлемелер мен бағдарлар ескерілген.

Қазақстандық делегацияның басшысы Марат Тәжин өңірлік және екі жақты қадамдардың теңгерімі қарастырылған, Еуропалық одақтың ұзақ мерзімді стратегиясымен қабысатын көмек пен жаңа көзқарас көрініс тапқан құжатты біздің ел оң қабылдайтынын атап көрсетті.

Сол күні ҚР СІМ басшысы германиялық әріптесі Франк-Вальтер Штайнмайермен, Еуропалық одақтың Орталық Азия елдері бойынша Арнайы өкілі Пьер Морельмен кездесулер өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны