28.03.2007, 16:35 4085

Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2007-2013-жылдарға арналған стратегиясы маусым айында қабылдануы мүмкін

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты 2007-2013-жылдарға арналған стратегиясы маусым айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ГФР сыртқы істер министрі (2007 жылдың бірінші жартысында ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) Франк-Вальтер Штайнмайер мәлімдеді.

"Стратегияны біз маусым айында қабылдауымыз мүмкін",- деді Штайнмайер бүгін "Еуропалық Одақ үштігі - Орталық Азия елдері" форматында сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі 4-ші кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, құжатта Еуропалық Одақ пен Орталық Азия өңірі елдері арасындағы қарым-қатынасқа қатысты бірнеше мәселе талқыланады. "Бұл - құқықтық мемлекет құру, білім беру саласындағы бастамалар, энергетика саласындағы алмасулар және аймақтық ынтымақтастықққа қатысты тәжірибемен бөлісу",- деді Франк-Вальтер Штайнмайер. ГФР сыртиқы істер министрінің айтуынша, "Еуропалық Одақтың саясаты транспорттық бағыттар мен энергетикалық ресурстарды өндіретін елдерді әртараптандыруға саяды".

"Орталық Азия - энергетикалық ресурстарға бай өңір. Ол Еуропа мен Азияның түйілісінде орын тепкен, мұнда әлемдегі энергетикалық ресурстардың 5 процентке жауығы шоғырланған",- деді ол. "Өңір қазір өзгерістер сатысын бастан кешіруде. Сол себепті біз Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерде бейбітшілік пен тұрақтылық орнығып, гүлдене түсуін қалаймыз",- деді Штайнмайер.

"Біз Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматындағы жаңаша ықпалдастықтарға сенімді негізге иеміз және біз оның аясын кеңейте түсетін боламыз",- деді ол.

Астанада сыртқы істер министрлерінің деңгейінде "Еуропалық Одақ үштігі - Орталық Азия елдері" форматында өткен 4-ші кездесуге құрамында ГФР сыртқы істер министрі (2007 жылдың бірінші жартысында ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) Франк-Вальтер Штайнмайер, Еуропалық Комиссияның сыртқы байланыстар және Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель, Ресейдегі Португалия Елшісі Мануэль Курту (2007 жылдың 2-ші жарты жылдыққа ЕО-ға төрағалық етуші мемлекет) қатысты.

Орталық Азия елдерінен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Өзбекстаннан - Владимир Норов, Тәжікстаннан - Хамрохон Зәріпов, Қырғызстаннан - Эднан Қарабаев, және Түрікменстаның сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиев қатысты.

"Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматындағы диалогтың негізі 2004-жылы қаланған. Осыған дейін Қырғызстан, Бельгия және Қазақстанда үш кездесу өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны