10.09.2012, 11:04 5643

"Еврокоптер Қазахстан Инжиниринг" Монғолия нарығына шықпақ

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандық тікұшақ шығарушы "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС Моңғолия аумағында ЕС145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсетіп, консультативтік көмек және техникалық қолдау жасайды, сондай-ақ, ұшу-техникалық персоналын үйретеді. Бұл туралы дүйсенбіде "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" Монғолияда тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандық тікұшақ шығарушы "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС Моңғолия аумағында ЕС145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсетіп, консультативтік көмек және техникалық қолдау жасайды, сондай-ақ, ұшу-техникалық персоналын үйретеді. Бұл туралы дүйсенбіде "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған Ұлан-Баторға сапары кезінде компания директоры Кәрібай Иблезов моңғол жағымен меморандумға қол қойды. Кәсіпорын Моңғолия аумағында ЕС145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсетіп, консультативтік көмек және техникалық қолдау жасайды, сондай-ақ, ұшу-техникалық персоналын үйретеді",-делінген хабарламада.

"ТМД аумағында ЕС145 тікұшақтарын бірден-бір шығарушы "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС өз өнімдерін жақын жатқан шетелдерге, атап айтқанда, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Белорусь және Изербайжанға жеткізуге мүмкіндігі бар. Бұл бізге осы нарықтарда жеке-дара қызмет көрсетуге де құқық беріп, біз үшін қосымша экспорт бағытын дамытуға жағдай жасайды", - деді К. Иблезов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Kaznex Invest агенттігі, сондай-ақ, тікұшақтарды шетелге жеткізу үшін компанияға қол ұшын беруді жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны