30.07.2012, 13:59 2865

EXPO-2012 Халықаралық көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барды.

Ёсу. 30-шілде. Kazakhstan Today - 28 шілдеде Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында "Жанды мұхит пен жағалаудағы аймақ" тақырыбында ұйымдастырылған EXPO 2012 Халықаралық әмбебап көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күнінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барды.

Қазақстан EXPO көрмесіне осымен төртінші рет ресми түрде қатысады, бұрын хабарланғанындай, біздің еліміз Кореяда жалпы ауданы 774 шаршы метрді құрайтын павильон ұсынды. Экспозицияның тұжырымдамасы - мәдениет пен ғылым, бизнес пен туризмдегі дәстүрлер мен инновациялар бір-бірімен түйісіп, еліміздің тарихы мен салт-дәстүрлері, оның заманауи өмірі әрі болашағы жайлы баяндай отырып, "Жанды мұхит пен жағалаудағы аймақ" тақырыбы төңірегінде көрініс тапқан. Айрықша орынға 2017 жылы EXPO көрмесін өткізуге үміткер Астана кандидатурасы ие.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны