02.12.2008, 09:52 2558

Финляндия астанасы Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді

Финляндия астанасы Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Желтоқсанның 4-і мен 5-і аралығында Финляндия астанасы - Хельсинки қаласында ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің 16-шы мәжілісі өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Аталған шараға Қазақстан делегациясын ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжин бастап барады.

"Мәжіліс аясында ҚР сыртқы істер министрі әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, арнайы баяндама жасайтын болады",-деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны