09.01.2007, 14:49 3321

Финляндия Қазақстанға білім, денсаулық сақтау және жоғары технология саласындағы тәжірибесін пайдалануды ұсынуда

АСТАНА. 9 қаңтар. Kazakhstan Today. Финляндия Қазақстанға білім, денсаулық сақтау және жоғары технология саласындағы осы елдің тәжірибесін пайдалануды ұсынуда. Бұл жөнінде Финляндия республикасының сыртқы сауда және даму министрі Паула Лехтомяки Қазақстанның СІМ Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінен кейін болған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан экономикасы қарқынды дамуда. Өнеркәсіп және экономика саласына деген қызығушылығымыз басым. Бір жағынан, біздің де ұсынатынымыз бар", деді П. Лехтомяки. Атап айтқанда, оның айтуынша, финдерде "жылдам дамып жатқан Қазақстан нарығына қажетті алдыңғы қатарлы жоғары технологиялар бар".

Сонымен қатар, финляндиялық министр білім және денсаулық сақтау салаларын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл салалар "Қазақстан саясатының басым бағыты болып табылады". "Финляндиялық білім жүйесі халықаралық деңгейде, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы тарапынан да жоғары бағаланған. Бұл денсаулық сақтау саласына да қатысты. Біз аса көп қаражат жұмсамай-ақ жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Біз осы екі салада нәтижелі жұмыс істеп келеміз. Осы тұрғыда , біз мамандармен , ақпарат және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін байқап отырмыз", деді

П.Лехтомяки.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 2006 жылдың қаңтар қараша айларында $4657 млн. құрады, оның 255 7$ млн. -экспорт, 210$ млн.-импорт.

П. Лехтомяки Қазақстанға құрамында Финляндияның ірі бизнес құрылымдарының өкілдері бар үлкен делегацияны бастап келді.

Осыған дейін айтылғандай, финляндиялық министрдің Алматыға сапары аясында Орталық Азиядағы "ФинПро" атты жалғыз фин сауда орталығын ашып , екі елдің іскер орталарының қатысуымен Қазақстан Финляндия бизнес форумын өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны