01.03.2010, 17:59 3267

Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюне Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюне Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюне 3 және 5 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Министр бастаған делегация құрамында сондай ақ Суоми елінің 60 жетекші іскер азаматтары бар.

Сапар бағдарламасында Пааво Вяюренің қазақ-фин іскерлік форумына қатысады, Қазақстан парламентінің қос палатасы төрағаларымен, бірқатар министрліктер мен ведомстволар, Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктерінің басшыларымен кездеседі деп белгіленген.

Келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны