26.11.2012, 15:49 3165

Гаагада Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай салтанатты шара өтті

Қабылдаудың құрметті қонақтарының арасында ЕҚЫҰ-ның азшылық ұлттар істері бойынша Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек пен Нидерландының бұрынғы Сыртқы істер министрі Бернард Бот болды.

Гаага. 26-қараша. Kazakhstan Today - Гаагада Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Гаагадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты салтанатты қабылдау болып өтті.

Қабылдаудың құрметті қонақтарының арасында ЕҚЫҰ-ның азшылық ұлттар істері бойынша Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек пен Нидерландының бұрынғы Сыртқы істер министрі Бернард Бот болды.

Қазақстан Республикасының Елшісі Майнура Мырзамадиева құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды біздің еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Мемлекет басшысының ҚР-ның халқына "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" Жолдауына сәйкесі Қазақстанды әрі қарай дамыту жоспарлары туралы хабардар етті. М.Мырзамадиева қонақтарды көктем және жаңғыру мерекесімен құттықтап, Наурыздың көпұлтты Қазақстанның барлық азаматтарының жалпыхалықтық достық және келісім мерекесіне, біздің ынтымағымыз бен амандығымыздың, қазақстандық қоғамның өзара келісімі мен тұрақтылығының нышанына айналғанын атап өтті.

Қабылдау қонақтары Қазақстандағы Наурызды мерекелеу туралы бейнесюжеттің арқасында қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ қазақстандық суретші Үрия Джуриктің көрмесі арқылы елдің табиғи байлықтарымен, ландшафт сұлулығымен, бай мәдени мұрасы және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Қазақтың дәстүрлі асүйінің наурыз көже және қымыз сияқты тағамдарымен таныса отырып, мерекелік қабылдаудың қонақтары қазақтың ұлы композиторларының және әлемдік авторлардың әуендері мен өлеңдерін домбыра, фортепиано, аккордеон, скрипка сияқты аспаптармен орындаған фольклорлық-аспаптық ансамбльдерінің өнерін тамашалады.

Қабылдау қонақтарының арасында сондай-ақ Нидерланды Парламентінің, Сыртқы істер министрлігінің және тағы басқа мемлекеттік ведомстволарының өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, Гаагада тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, голландиялық компанияларда жұмыс істейтін және Нидерландының жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген азаматтар, қазақ диаспорасы өкілдері болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны