31.10.2008, 16:01 5986

Ғалым Оразбақов Қазақстанның Кипрдегі елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Ғалым Оразбақов Қазақстанның Кипрдегі елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ғалым Оразбақов Қазақстанның Кипрдегі елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны