22.01.2008, 16:35 3158

"Газпром" ААҚ Қырғызстанда мұнай барлауға 300 млн АҚШ долларын бөледі

"Газпром" ААҚ Қырғызстанда мұнай барлауға 300 млн АҚШ долларын бөледі

Бішкек. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Газпром" ААҚ Қырғызстанда жаңа мұнай кеніштерін барлауға 300 млн АҚШ долларын бөледі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

""Газпром" ААҚ 300 млн АҚШ долларын бөледі. Қырғызстан осы мақсатқа инвестор бөліп отырған осы ақшадан басқа 200 млн АҚШ долларына жуық қаржы бөлмек",- деп мәлім етті А. Жапаров.

Оның пайымдауынша, барлау сәтті шыққан жағдайда Қырғызстан өзін мұнай және газбен қамтамасыз ете алады. Қазірде республика нарығына мұнай тасымалдау елді ең алдымен шетелдік серіктестері мен әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді етіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны