29.01.2008, 18:03 2947

"Газпром" ААҚ Қырғызстанда жыл сайын 300 млн текше метр көгілдір отынды шығаруды жоспарлап отыр

"Газпром" ААҚ Қырғызстанда жыл сайын 300 млн текше метр көгілдір отынды шығаруды жоспарлап отыр

Бішкек. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Газпром" ААҚ Қырғызстанда жыл сайын 300 млн текше метр көгілдір отынды шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов хабарлады.

Оның сөздері бойынша, республиканың оңтүстік аймағына жылына 100 млн текше метр көгілдір отын көлемі қажет болса, солтүстік аймақ 230 млн текше метр газға зәру болып отыр. "Қорытындысында біз өзіміздің барлық сұранысымызды жабамыз ", - деп атап өтті Игорь Чудинов.

"Біз, мемлекетте көгілдір отын бола ма немесе болмай ма деген сауал қойылмай мәселе ұмытылсын дейміз", - деп атап өтті үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Газпром"ААҚ Қырғызстандағы мұнай мен газ кен орнын барлау мен игеруге $300 млн ақша салатынын растады. Қырғыз үкіметі Куғарт және Майлыcуу-4 екі кен ошағын барлау құқығын берді. Геологиялық барлау жұмыстары алдын ала мәліметтер бойынша, наурыз айында басталуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны