09.11.2006, 10:10 2780

Генералдар кеңесі "Отан" партиясының бағдарламасына ұсыныстар жасауда

АЛМАТЫ. 9 қараша . Kazakhstan Today. "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігі "Отан" республикалық саяси партиясының бағдарламасына ұсыныстар әзірлеуде. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Хабар" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше бірлестік мүшелері партия бағдарламасының ардагерлердің, мүгедектер мен зейнеткерлердің мәселелеріне қатысты бөлімін талқылады.

Искерилер депутаттардан барлық зейнеткерлерге бірдеу зейнетақының қайта есептелуін талап етпек. Сондай-ақ, кездесу кезінде еңбек және соғыс ардагерлерінің мәртебесін айқындап, бұл тізімге ауған соғысының жауынгерлерін де қосу қажеттігі айтылды, және оларға берілетін жеңілдіктерді көбейту ұсынылды.

Олар "Отан" партиясына зейнетақы туралы заңға өзгерту енгізу мәселесін көтеруді ұсынып отыр. Искерилер партиямен тек бағдарлама жасау барысында ғана емес әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қатысты заңдарды жасау кезінде де жұмыс істеуді көздейді. Сондықтанда олар өздерінің жұмысшы топтарын құруды жоспарлап отыр.

"Отан" партиясының жаңа бағдарламасы осы жылы желтоқсан айында партия съезінде бекітіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны