01.11.2006, 15:34 2836

Германия Қазақстанмен арадағы виза ережелерін жеңілдету мүмкіндігін қарастыруға дайын - ҚР СІМ

АСТАНА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Германия Федеративтік Республикасы Қазақстанмен арада виза ережелерін жеңілдету жөніндегі келісімге қол қою мүмкіндіктерін қарастыруға дайын. Бұл жайында Германия жағының өкілдері Берлинде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР СІМ Kazakhstan Today агенттігіне.

30-31-қазанда өткен келіссөздерге ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Оңжанов пен ГФР сыртқы істер статс-министрі Гернот Эрлер, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия жұмыс тобының тең төрағасының орынбасары Эрнест Браун қатысты.

Кездесулер барысында тараптар сонымен бірге бұған дейінгі уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы мен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия жұмыс тобының бесінші отырысын өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

Н.Оңжанов Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселесі бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының 6-отырысына қатысты.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы 1996-жылдың 31-мамырындағы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. "Хаттамада Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлты өкілдерін қолдау мақсатында Германия үкіметімен ұзық мерзімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жайы қарастырылған ", деп хабарлайды СІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны