04.12.2006, 18:06 2881

Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі: ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі

БРЮССЕЛЬ. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жалпы отырысында сөз сөйлеген Германия СІМ-нің мемлекеттік министрі Гернот Эрлер Қазақстанның өтінішіне қолдау білдіре отырып, ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау құқығын Қазақстанға беру тең құқылылықтың белгісі деп атап өтті, деп хабарлайдв Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөнінде өтініш білдіріп отыр. Германия осы елге ЕҚЫҰ-ға төраға болу мүмкіндігін беруді қолдайды. Бұл Орталық Азиядағы өскін мемлекеттер ұйым шеңберінде тепе-теңдіктен үміттене алады дегеннің белгісі",- деді Г.Эрлер.

Словакия өкілдерінің жетекшісі, осы елдің СІМ Ян Кубиш те Қазақстанның 2009-жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болу жөніндегі сұранымына қолдау білдірді.

Осы орайда еске сала кетсек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының жалпы отырысы бүгін ұйымға мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысы аясында бүгін Брюссельде өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны