07.09.2009, 16:46 2826

Германияда осындағы Қазақстан жылына арналған бірқатар іс-шаралар атқарылады

Германияда осындағы Қазақстан жылына арналған бірқатар іс-шаралар атқарылады

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Германияда 7-9 қыркүйекте Қазақстан жылы аясында бірқатар іс-шаралар атқарылмақ. Нақтырақ айтқанда, Германия астанасында "Еуропаға жол: әлеуметтік-экономикалық модернизациялау тәжірибесі" атты ғылыми тәжірибелік конференция, Дрезден, солтүстік Рейн-Вестфалияда және Дюссельдорфте Федералды Саксония жерлеріндегі Қазақстан күндері жоспарлануда. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мүдделі министрліктер мен ведомстволар және ұлттық компаниялар өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Б. Сұлтанов басқарады. Шара барысында екіжақты экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін қарастыру көзделіп, мемлекеттік "Еуропаға жол" бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны