28.06.2011, 15:15 3632

Германияның Avexon компаниясы Астана қаласында химиялық өнімдерді сақтайтын қойма құрылысына 5 млн евро инвестициялайды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарлауынша, неміс компаниялары Қазақстан нарығы мен инвестиция салу мүмкіндігіне қатысты қызығушылық танытып отыр.

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Немістің Avexon компаниясы 2012 жылы Астана қаласында химиялық өнімдерді сақтайтын қойма құрылысына 5 млн евро инвестиция құюға дайын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарлауынша, неміс компаниялары Қазақстан нарығы мен инвестиция салу мүмкіндігіне қатысты қызығушылық танытып отыр. "Мәселен, Avexon компаниясы келер жылы Астана қаласында химиялық өнімдерді сақтайтын қойма құрылысына 5-6 млн евро инвестиция құюға дайын. Logistics Alliance Germany ұйымы көлік-логистикалық жобаларды дамыту үшін инвесторлар тартуға мүдделі. Ал Commit компаниясы инвестициялық мүмкіндігі бар компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастырады", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны