06.04.2010, 09:29 2741

Грузия премьер-министрі Николоз Гилаури Астанаға жұмыс сапарымен келеді

Грузия премьер-министрі Николоз Гилаури Астанаға жұмыс сапарымен келеді

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі К.Мәсімовтың шақыруымен 8-9 сәуірде Грузияның премьер-министрі Николоз Гилауридің Астанаға жұмыс сапары өтеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров кеше мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жоспарланған келіссөздер барысында екі елдің үкімет басшылары қазақстан-грузин іскер ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ экономикалық дағдарыстың салдарын бірлесіп жеңу үшін қажет шараларды талқыға салынады.

Сапардың қарсаңында, 7 сәуірде Астана қаласында қазақ-грузин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтеді деп жоспарлануда.

Тараптар өзара іскерлік серіктестікті дамытуға қызығушылық білдіреді, оның ішінде отын-энергетикалық, транзит-көлік, телекоммуникация, банк саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, туризм, құрылыс және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық бар.

Н.Гилауридің Қазақстанға сапары Қазақстан мен Грузия арасындағы серіктестіктің дамуына жаңаша серпін беруге және екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны