05.03.2007, 18:33 3572

Грузия президенті Астанаға келді

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін Грузия президенті Михаил Саакашвили жұмыс сапармен Астанаға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Грузия жетекшісі мінген ұшақ Астана әуежайына сағат 18-де келіп қонды. Онда қонақты ҚР СІМ Марат Тәжин мен көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов күтіп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар аясында М.Саакашвили президент Нұрсұлтан Назарбаевпен және еліміздің іскерлік өкілдерімен кездеседі. Онда Грузияға Қазақстаннан инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту жайы талқыланады. М.Саакашвили мен Н.Назарбаевтың кездесуінде бірқатар экономикалық мәселелер, атап айтсақ, Қазақстанның Карс-Тбилиси-Баку бағытындағы трансұлттық темір жол магистралін салуға атсалысу перспективалары талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны