25.02.2008, 16:48 2271

Грузия темір жолын жекешелендіруге Изербайжан қатыспақ ниетте

Грузия темір жолын жекешелендіруге Изербайжан қатыспақ ниетте

Баку. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Грузия темір жолын жекешелендіруге Изербайжан қатыспақ ниетте, деп сенбі күні Изербайжан Республикасының көлік министрі Зия Мамедов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Тендерге қатысу үшін бірқатар елдердің компаниялары мен құрылымдарының өкілдері өз ұсыныстарын ортаға салды. Оның ішінде, АҚШ-нан 2, Ресейден бір компания бар. Сонымен бірге, Швейцария құрылымы мен Қазақстан компаниясы бар. Біздің де бұл ұсыныстарға қосылуға ниетіміз бар", - деді З. Мамедов.

Министрдің айтуынша, Грузия үкіметі темір жол құрылымын дамытуға сұрап отырған бастапқы инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны