18.08.2008, 18:11 2826

Грузиядағы Қазақстан инвестициялары екі жақты келісімдермен қорғалған - ҚР СІМ

Грузиядағы Қазақстан инвестициялары екі жақты келісімдермен қорғалған - ҚР СІМ

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Грузиядағы Қазақстан инвестициялары екі жақты келісімдермен қорғалған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев журналистер сауалына байланысты мәлім етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Еркін сауда аймағына келсек, Грузиядағы Қазақстан инвестициялары екі жақты келісімдермен қорғалған, сол себепті олар түпкілікті қайта қаралады деп ойламаймыз", - деді Е. Ашықбаев.

"Екі жақты визалық режимге келсек, қазіргі жағдаймен ешбір өзгеріс болған жоқ",- деді ресми өкіл. Ол Грузияның ТМД-дан шығу мәселесі ұйымның жарғысына сай қаралатынын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны