09.11.2007, 18:40 2918

Грузин оппозициясы мерзімінен бұрын жүргізілетін президент сайлауында жеңіске жетуді жоспарлауда

Грузин оппозициясы мерзімінен бұрын жүргізілетін президент сайлауында жеңіске жетуді жоспарлауда

Тбилиси. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен грузин оппозициясының өкілдері өздері ұсынған кандидаттың 2008 жылдың 5-қаңтарындағы мерзімінен бұрын өткізілетін президент сайлауында жеңіске жететіндігіне сенімді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Кеше кешке Грузия президенті Михаил Саакашвилидің мәлім етуінше, президент сайлау тиісті мерзімінен бір жыл бұрын, 2008 жылдың 5-қарашасында өтеді. Михаил Саакашвили президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімді грузин оппозициясының халық қалаулысы болуына мүмкіндік беру үшін қабылдағанын айтты.

"Мен мәмілеге келіп, оппозицияның халық қалаулысы болуына мүмкіндік берем, егер олар бұған тұрарлық болса",- деп мәлім етті Михаил Саакашвили.

Грузияның президенті, өзін ешкімнің авторитарлық билеуші деп айтпауы үшін өзінің бірінші президенттік мерзімін өз еркімен қысқартып отырғандығын атап көрсетті.

Құрамына 10 партия кіретін біріккен оппозиция өкілдері журналистерге, Грузияның кезектен тыс өткізетін президент сайлауында бір ғана үміткер ұсынуды жоспарлап отырғандығын мәлім етті. Үміткердің аты консультация аяқталғаннан кейін анықталады. Оппозиция өкілдері мерзімінен бұрын президент сайлауын жүргізу туралы шешімді халықтың жеңісі деп атап отыр.

Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрі, "Путь Грузии" партиясының жетекшісі Саломэ Зурабишвили президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін "тарихи" деп атады. "Бұл шешім Грузияның осы дағдарыстан абыроймен шығуына мүмкіндік береді",- деп мәлім етті журналистерге Саломэ Зурабишвили.

"Движение за единую Грузию" ұйымынан шыққан Георгий Цагареишвили президент сайлауының мерзіміне бұрын өтуін халық жеңісі деп санап, "Саакашвилдің қайталап сайлану мүмкіндігін" түбегейлі жоққа шығарды.

Сонымен қатар, саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшы Леван Беруашвили агенттік тілшісімен әңгіме барысында мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешімді түсіндіре келе, оппозицияның қуануына әлі ерте екендігін атап өтті.

"Біріккен грузия оппозициясында электораттың басым бөлігі дауыс беретіндей көшбасшы жоқ, харизматикалық тұлға жоқ. Бұл олардың президент сайлауында жеңіліске ұшырауының себепкері болуы мүмкін және оны қазіргі билік те түсініп отыр",- деді Л. Беруашвили.

Сарапшының пайымдауынша, Грузия сияқты ел үшін президент лауащзымын қысқартып, парламент билігін орнату ең таңдаулы саяси шешім болар еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны