28.04.2009, 15:02 2531

Халықаралық Аралды құтқару қорын құрған мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Халықаралық Аралды құтқару қорын құрған мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық Аралды құтқару қорын құрған мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Қырғызстан мен Түрікменстан өкілдерінде суға қатысты мәселелер бойынша сұрақтар туындағандықтан, құжаттың суға қатысты бөлігін алып, бірлескен мәлімдеменің қор жайындағы бөлігін қабылдау ұйғарылды.

Халықаралық Аралды құтқару қоры 1993 жылы Орталық Азия мемлекет басшыларының шешімімен Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспарлары мен бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында құрылды.

Қордың құрылтайшылары - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2008 жылғы желтоқсанда қабылданған шешімі бойынша Халықаралық Аралды құтқару қорына БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушысы дәрежесі берілген болатын.

Қордың құрылтайшы мемлекеттері президенттерінің 2008 жылғы 25 тамыздағы саммитте қабылдаған шешіміне сәйкес, алдағы үш жылда (2009-2011) ХАҚҚ төрағалығы міндетін Қазақстан Республикасы атқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны