11.01.2010, 13:33 2590

Халықаралық атом энергиясы агенттігіне Қазақстанның Иран Ислам Республикасына уран сатқаны жайлы ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

Халықаралық атом энергиясы агенттігіне Қазақстанның Иран Ислам Республикасына уран сатқаны жайлы ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

Астана. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Халықаралық атом энергиясы агенттігіне Қазақстанның Иран Ислам Республикасына уран сатқаны жайлы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Халықаралық атом энергиясы агенттігіне еліміздің Иранға уран сатқанына дәлел болатын ешқандай да құжаттар түспеген", - деді А. Ибдірахманов.

Дипломат Қазақстан Иран Ислам Республикасымен уран саудасы жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр-мыс деген ақпаратты "инсинуация" деп атады.

Оның атап көрсетуінше, бұл ақпаратты таратушылардың жасырын көздер мен белгісіз құжаттарға сілтеме жасауы жария етілген ақпараттың шынайы емес екендігіне дәлел бола алады. "Жасырын ақпарат көздері мен белгісіз құжаттарға сілтеме жасаулы жария етілген ақпараттың шынайы емес екендігіне дәлел", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны