03.07.2009, 14:33 2829

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жаңа бас директоры сайланды

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жаңа бас директоры сайланды

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жаңа бас директоры сайланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарламасына сәйкес, 2 шілдеде Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басқарушыларының кеңесі Жапонияның Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілі Юкио Аманоны Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директорына сайлауға дауыс берді. Юкио Амано бұл қызметте Мұхамед эль-Барадейді алмастырады, ол агенттікті 1997 жылдан бері басқарған. Оның өкілеттілік мерзімі 30 қарашада аяқталады.

Юкио Аманоның кандидатурасы үшін басқарушылар кеңесінің 23 мүшесі дауыс берді. Оның әріптесі және Оңтүстік Африкалық бәсекелесі Абдул Самад Минти 11 дауысқа ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны