25.12.2009, 17:16 15868

Халықаралық келісім-шарттар ратификацияланғаннан кейін Қазақстанның жүргізуші куәліктері шетелдерде де өз күшінде болады - ҚР ІІМ

Халықаралық келісім-шарттар ратификацияланғаннан кейін Қазақстанның жүргізуші куәліктері шетелдерде де өз күшінде болады - ҚР ІІМ

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Халықаралық келісім-шарттар ратификацияланғаннан кейін Қазақстанның жүргізуші куәліктері шетелдерде де өз күшінде болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Николай Калашников "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Н. Калашниковтың айтуынша, жүргізуші куәліктерін мойындау мәселесі БҰҰ-ның 1968 жылдың 8 қарашасындағы "Жол қозғалысы туралы" Вена конвенциясы атты халықаралық келісім-шартымен реттеледі. Бұл құжатқа сәйкес, "Жол қозғалысы туралы" конвенцияны ратификациялаған елдер оған қатысушы елдердің ұлттық жүргізуші куәліктерін мойындауға тиіс (қазір оған 64 ел, соның ішінде 12 ТМД елі біріккен). Сөйтіп, Вена конвенциясына қол қойған елдер Қазақстан оны ратификациялаған соң Қазақстанның жүргізуші куәліктерін мойындайтын болады.

"Қазақстан бұл конвенцияға 1994 жылдың 4 сәуірінде біріккен, алайда сол кездегі әлеуметтік-экономикалцқ ахуалға байланысты және тиісті нормативтік-құқықтық базаның болмауына байланысты оны ратификациялау мәселесі осыған дейін қарастырылмады", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір ІІМ Қазақстан тарапынан жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты сегіз халықаралық конвенция мен келісімді ратификациялау бойынша мемлекетішілік процедураларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жол қозғалысы туралы" және "БҰҰ-ның Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын бекіту туралы" заңдарды сенат қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.

"Аталған конвенциялар ратификацияланған сәттен бастап шартқа отырған тараптар өз аумағы арқылы халықаралық қозғалысқа автокөліктер мен тіркемелерді жіберіп, конвенция ережелеріне сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктер мен жүргізуші куәліктерін мойындайды", - деді Н. Калашников.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны