28.10.2009, 14:08 2651

Халықаралық сарапшының пайымдауынша, ядролық отын банкін орналастыруға Қазақстан лайықты ел

Халықаралық сарапшының пайымдауынша, ядролық отын банкін орналастыруға Қазақстан лайықты ел

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Хадсон Институтының әскери-саяси талдау орталығының қызметкері Ричард Уайтстың пайымдауынша, ядролық отын банкін орналастыруға Қазақстан лайықты ел. Бұл туралы ол бүгін ҚР СІМ-де өтіп жатқан "Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Халықаралық атом энергиясы агенттігіне уран отынының банкін құру жөнінде көптеген мемлекеттер ұсыныс жасаған. Банкті орналастыруға ең лайықты елді таңдауға сан алуан ұсыныстар түсті", - деді Р. Уайтс.

"Ядролық отын банкін орналастыруға лайықты елдердің қатарынан Қазақстан да орын иемдене алады. Өйткені, ол Иранмен және Ресеймен жақсы қарым-қатынаста, бұл салада АҚШ-пен де серіктестік байланысы бар", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны