21.12.2009, 18:35 3036

Ханой қаласында қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өтеді

Ханой қаласында қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өтеді

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Вьетнам Социалистік Республикасының елордасы Ханой қаласында 22 желтоқсанда Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-вьетнам үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы өткізіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Келіссөздерге Қазақстан жағынан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, Вьетнам жағынан - Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь бастаған делегация қатыспақ.

Аталмыш іс-шара шеңберінде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейдегі өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары, сондай-ақ ағымдағы жылы қыркүйектегі Вьетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунгтың Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны