21.09.2009, 15:50 2476

Ханзада Майкл мен Кент ханшайымы Қазақстанға жеке сапармен келеді

Ханзада Майкл мен Кент ханшайымы Қазақстанға жеке сапармен келеді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлыбританияның король отбасының өкілдері Ханзада Майкл мен Кент ханшайымы 22-26 қыркүйекте елімізге жеке сапармен келмек. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сапар барысында жоғары деңгейлі қонақтар Астана және Алматы қалаларын аралап, еліміздің ресми тұлғаларымен кездесулер өткізбек. Сонымен қатар Қазақ-Британ техникалық университеті, "Хейлиберри" мектебінде болып, "Дала қыраны" ортақ оқу- жаттығулардың жабылу салтанатына қатысады деп күтілуде",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны