09.12.2008, 19:13 3042

Хельсинкиде 4-5 желтоқсан аралығында ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер СІМ 16 шы кезекті отырысы өтті

Хельсинкиде 4-5 желтоқсан аралығында ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер СІМ 16 шы кезекті отырысы өтті

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Хельсинкиде 4-5 желтоқсан аралығында ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер СІМ 16 шы кезекті отырысы өтті. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Сессияға қатысқан министрлер санының рекордтық меже - 50- ден асуы ұйымды толқытқан сәт болды",- деді ресми өкіл.

СІМ ақпаратына сәйкес, өз сөзінде министр М. Тәжин халықаралық нормаларды қарастыруда өзара түсіністікті қамтамасыз ету маңыздыдлығына тоқталды. Сол арқылы ЕҚҰЫ жауапкершілігі кеңістігінде серіктестікті нығайтуда оң сенім шараларына қалыпты жағдай жасайаламыз деді министр.

Сонымен қатар, болашақтағы европа қауіпсіздігін талқылау үшін жоғары деңгейде кездесулер өткізудің пайдасына тоқталды. Қазақстан сыртқы істер ведомствасы басшысы европа қауіпсіздігі туралы Ресей бастамасын қолдайтындығын және ЕҚЫҰның Евроатлантикалық кеңістіктегі қауіпсіздік сәулетін нығайтуда жақсы алаң болатындығына тоқталды.

Қазақстандық дипломат әріптестеріне Қазақстанда "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы өркендеу" атты Батыс және мұсылман елдері СІМ конференциясы туралы және "Еуропаға жол" атты мемлекеттік бағдарлама турасында мәлім етті.

СІМ кеңесі қорытындысы туралы айта отырып, кеңестің саяси декларациясы 2002 жылдан бері 6 рет қабылданбағынын өкінішпен айтуға тура келеді. Бұл бірқатар ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықты білдіреді.

Нәтижесінде таулы Қарабақ жөнінде аймақтық мәлімдеме ғана қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны