28.02.2007, 14:12 6395

Иерусалимде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі екіжақтық хаттамаға қол қойылды

ИЕРУСАЛИМ. 28 ақпан. Kazakhstan Today. Израильдің астанасы Иерусалимде Қазақстан республикасының Дүуниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты келіссөздердің қорытындысы бойынша екіжақтық хаттамаға қол қойылды. Бұл жөнінде Израильдегі ҚР елшілігі Kazakhstan Today агенттігіне хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда құжатқа Израиль мемлекеті премьер- министрінің орынбасары индустрия, сауда және еңбек министрі Элияху Ишай мен ҚР сауда және индустрия вице-министрі, ДСҰ- ына кіру жөніндегі келіссөздердің арнайы өкілі Жанар Айтжанова қол қойды.

Сонымен қатар кездесуге Израиль кнессетінің вице-спикері -"Израиль-Қазақстан"парламентаралық достық лигасының төрағасы Амнон Коэн және ҚР Израильдегі елшісі Вадим Зверьков қатысты.

Баспасөз хабарламасында , " Израильдің саяси басшылығының Қазақстанмен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән беріп отырғаны" айтылды.

Келіссөздер барысында жоғары технологиялық машиналар мен жабдықтардың, химия және тағам өнеркәсібі өнімдерінің Қазақстан нарығына ену мәселелері мен Қазақстанға компьютерлік қызмет көрсететін шетел компанияларына қатысты инвестициялық саясат та сөз болды.

Сондай-ақ, тараптар техникалық реттеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, қосарланған салыққа жол бермеу және осыған тиісті екі жақты құжатқа қол қою мәселелері талқылады.

Елшіліктің мәліметіне қарағанда Қазақстан- Израиль арасындағы тауар айналымы екі есеге ұлғайып, 700млн. $ жеткен. Ал, екі жақтың сауда экономикалық ынтымақтастығы негізінен жоғары технология био- және нанотехнологиялар, ауылшаруашылығы , көлік және коммуникация, шағын бизнесті дамыту , денсаулық және білім саласына бағытталған.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "Хаттамаға қол қою Қазақстанның ДСҰ- ға кіру процессінің аяқталуына жасалған маңызды қадам болып саналады. Сондай-ақ , екі мемлекет арасындағы сауда- экономикалық қарым-қатынасының нығайуына ықпал етеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны