30.10.2009, 16:12 3215

Ингушетия Республикасының президенті Юнус-Бек Евкуров қазақ халқына ризашылығын білдірді

Ингушетия Республикасының президенті Юнус-Бек Евкуров қазақ халқына ризашылығын білдірді

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - Ингушетия Республикасының президенті Юнус-Бек Евкуров нәубет жылдары ингуш халқына көмек көрсеткені үшін қазақ халқына ризашылығын білдірді. Бұл туралы ол бүгін Алматыда Ингуш мәдени орталығының ашылуынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақ халқына зор ризашылығымды білдіремін, жаппай қуғын-сүргін жылдары, ұлы трагедия жылдары ингуш халқын демегені үшін басымды иемін. Біз бұны ешқашан жадымыздан шығармаймыз және ғасырлар бойы кейінгі ұрпаққа жалғастыра жеткізіп, ингуштар үшін Қазақстан деген қандай ел екенін айтып өтетін боламыз", - деді Ю. Евкуров. Ол сонымен қатар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел ішінде және елден тысқары жерлерде де ұлтаралық және конфессияаралық бірлікті бекіте түсу ісінде атқарып отырған рөлін айрықша бағалады.

Қазақстан мен Ингушетия арасындағы қарым-қатынастың дамуына тоқталған Ю. Евкуров кеше Қазақстан премьер-министрімен кездесуде Қазақстан тарапынан Ингушетияға салынатын инвестициялар туралы уағдаластық жасалғанын атап өтті. "Бұдан кейін біз бірқатар құжататрды дайындап, осында делегация жібереміз, соның ішінде үкіметтік делегация да болады, осындай өзара тиімділік жағдайында ынтымақтасатын боламыз", - деді ол.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін өз резиденциясында елімізге Қазақстан Халқы ассамблеясының XV мерейтойлық сессиясы аясында келген Ингушетия Республикасының президенті Юнус-Бек Евкуровпен кездесті.

Делегация құрамында Алматыға Ингушетиядан Федерация Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік дума депутатттары, Ингушетия Республикасы Парламенті төрағасы, бірқатар мемлекеттік органдар басшылары мен кәсіпкерлер келді.

Қала әкімі құрметті қонақтарды қарсы алып, Ингушетия мен Қазақстан халықтарын КСРО заманынан бергі ортақ тарихы және Кавказ халықтарының Қазақстан жеріне қоныс аударылғандығынан бүгінге дейін ортақ тарихы бар екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, Алматыда Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы қызмет ететіндігін, көптеген ұлттық мәдени орталықтардың бар екендігін және ингуш диаспорасы өкілдері қала экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырғандықтарын атап өтті. Алматыда өмір сүретін ингуш өкілдері шағын және орта кәсіпкерлікте үлкен жетістіктерге жеткен.

"Біз сіздердің республикаларыңызда тыныштық пен бейбітшіліктің сақаталуына мүдделіміз. Егер тыныштық болса - кәіспкерліктің екі жақты дамуы да болады. Қазақстандық кәсіпкерлердің Ингушетия Республикасында жұмыс істеуге қызығушылық білдіретіндіктеріне сенімдімін",- деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Ингушетия президенті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Астана мен Алматы қалаларына үлкен қызығушылығын білдірді.

Ингушетия президенті өз республикасының Қазақстанмен қарым-қатынастарын барлық салаларда нығайтып дамытуға мүдделі екендіктерін айтты, сонымен қатар Алматыдағы ингуш диаспорасымен кездесуі туралы да айтып берді.

"Жастар мен үлкен буын өкілдері өздерінің сіздердің жерлеріңіздегі өмірі туралы айтып берді. Олар бұл жерде ешқандай қысым көрмей, емін-еркін өмір сүріп жатқандықтарын айтты. Олардың Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Біздің Президент", Қазақстан туралы: "Біздің Отанымыз", Ингушетия туралы "Біздің тарихи Отанымыз" дегендерін естіп өте қуандым. Бұл олардың өз тарихтарын естеріне сақтап, сонымен қатар өмір сүріп, еңбек етіп жүрген жерлерін сүйетіндігін көрсетеді. Біз, ингуштар Қазақстанды екінші отанымыз деп санаймыз. Өйткені, қиын-қыстау жылдарда ингуштар осы жерден қолдау тапты. Сондықтан мен Қазақстан жеріне келуге міндеттімін деп есептеймін. Бір жағынан Ресей Федерациясы президентінің айтуынша, екінші жағынан адамгершілік, бауырластық қарым-қатынастар мен ортақ дін тұрғысынан осында келуге міндеттімін",- деді Юнус-Бек Евкуров.

Кездесу барысында Алматы қаласының әкімі мен Ингушетия Республикасының президенті республикалардағы жағдайды орнықтыру, ұйымдасқан қылмыс топтарына қарсы күрес және басқа да мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны