19.04.2007, 14:35 2475

Ирактағы жағдайды реттеу үшін тез арада Иранмен және Сириямен келіссөздер жүргізіп, Ирактың үкіметін нығайту қажет - Примаков

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Ирактағы жағдайды ретке келтіру үшін тез арада Иранмен де, Сириямен де келіссөздерді бастап, Ирак үкіметін нығайту қажет. Бұл жөнінде бүгін РФ үкіметің экс-төрағасы, Ресей сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Евгений Примаков мәлімдеді.

Е.Примаков Алматыда өтіп жатқан алтыншы Еруазиялық медиафорумда сөйлеген сөзінде, "Иракта қазір трагедия, Ирак құлдырау алдында тұр, азаматтық соғысты бастан кешіруде",-деп атап өтті. "АҚШ Иракта үлкен қателік жасады", дейді ол. "АҚШ Иракта ядролық қару бар деп ойлап, операция жүргізді, бірақ олай болмай шықты",-деп атап өтті Е.Примаков. "АҚШ өздерін күш қолдануымызға болады деп есептеді. Бірақ бұл саясат нәтижесіз болды",-деді ол. Сонымен қатар, Е.Примаков, АҚШ "екі миллион мүшесі бар билік партиясын таратты, алайда тек партияның жартысын ғана таратып, осы бөлігін тұрақтандыру негізі етіп жасауға болар еді, олай істемеді" деді. Оның пікірінше, "Ирактың барлық этникалық құрылымына жауап бермейтін үкіметке ставка жасау" сенімді ақтамады.

Сонымен қатар, Е. Примаковтың пайымдауынша, "АҚШ Ираннан өз әскерлерін тез арада шығармауы тиіс. "Үкіметті нығайтып, Иран және Сириямен Ирактағы жағдайға байланысты келіссөздерді бастау қажет",-дейді ол. "Өкінішке орай, бұл жүзеге аспай отыр",-деді Е.Примаков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны