19.04.2007, 15:05 3256

Иран атомды бейбіт мақсатта пайдалануға құқылы - Примаков

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Иран атомды бейбіт мақсатта пайдалануға құқылы. Бұл жөнінде бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген РФ үкіметің экс-төрағасы, Ресей сауда палатасының президенті Евгений Примаков мәлімдеді.

"Иран Ядролық қару таратпау жөніндегі келісім-шартын бұзған жоқ, ол осы келісімнен шыққан жоқ. Бұл ел келісім-шартынан шағады деген қатерді біз де, басқалар да күйгелектене қабылдап отырмыз, бірақ ол келісімнен шыққан жоқ",- деді Е.Примаков. "Ал егер уранды байыту мәселесіне келсек, жалпы алғанда бұл іспен бірнеше ондаған ел айналысады. Осындай жағдайда Иран онымен шұғылдана алмайды деу дұрыс болмас еді", деп санайды РФ үкіметің экс-төрағасы.

"Меніңше, Иран қазір ядролық қарулы болғысы келіп отырған жоқ. Бірақ ол елмен дұрыс қатынасатындай деңгейге жетуді қалап отыр",- деді Е.Примаков.

Сонымен бірге Е.Примаковтың айтуынша, "Иранның, дейтұрғанмен, тактикалық тұрғыда ойламдылық таныта алмауы алаңдатады". "Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қойған сұрақтарының бір бөлігіне Иран жауап бермей отыр. Бұл белгілі дәрежеде күмән тудырады", деп атап өткен Е.Примаков "мұндай қадам Иранға тиімсіз" екенін айтты. "Осындай барлық мәселелер бойынша Иранда абсолюттік бірлік жоқ екені анық. Өйткені онда осы мәселеге қатысты әсіре радикалдық көзқарас марқадам таптырмайды дегенді бағамдайтын адамдар көп",- деп мәлімдеді саясаткер.

Иранға күш қолданылуы мүмкін екендігі туралы сөз қозғаған Е.Примаков "Ресейдің бұған үзілді-кесілді қарсы екенін" жеткізді. "Егер Иранға қарсы күш қолданыла қалса, онда жағдай Ирактағыдан бетер ушығады. Ондай атты күн туса, Ирандағы ахуал да осы ғасырдың аяғына дейін тұрақсызданады, өйткені, АҚШ әскеріне қарсы күресе алатын күштер жеткілікті мөлшерде тасталады да, бүкіл дүниежүзінде толқыныстар туындайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны