15.12.2009, 12:18 1681

Иран Ислам Республикасының Сауда министрі бастаған өкілдер елімізде жүр

Иран Ислам Республикасының Сауда министрі бастаған өкілдер елімізде жүр

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Иран Ислам Республикасының Сауда министрі Мехди Газанфари бастаған ирандық делегацияның Қазақстанға іссапары 14-15 желтоқсанға жоспарланып отыр. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар барысында елеіміздің ресми топ өкілдерімен жоспарланған кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттары талқыланатын болады.

Аталмыш сапардың мақсаты ирандық инвесторлар мен бизнес өкілдерін Қазақстанның инвестициялық жобаларымен таныстыру және Шымкент қаласының "Ил-Фараби" сауда орталығында 2010 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейтін ирандық тауарлардың тұрақты көрмесін ашу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны