16.08.2007, 16:45 2829

Иран ШЫҰ мемлекеттерімен ынтымақтастығын пәрмендендіре түсуге дайын - Ахмадинежад

Иран Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын пәрмендендіруге дайын, деп мәлім етті Иранның президенті Махмуд Ахмадинежад

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. БІШКЕК. Иран Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттермен ынтымақтастығын пәрмендендіруге дайын, деп мәлім етті Иранның президенті Махмуд Ахмадинежад.

"Иран өзінің аймақтағы геосаяси ықпалына байланысты Шанхай ннтымақтастығы ұйымының мемлекеттерімен өзара ынтымақтастығын пәрмендендіру түсуге дайын екендігін білдіреді", - деді ислам республикасының басшысы Бішкектегі ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген отырысында.

"Оның пайымдауынша, Иранмен серіктестікті дамыту "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерге де жақсы мүмкіндіктер береді".

Иранның президенті үстіміздегі жылы дүниежүзінің көптеген халқы жер шарының әр түкпіріндегі көптеген қарулы қақтығыстарға куә болғандығын атап көрсетті. "Таяу Шығыста жаңа саяси ойынды күшпен таңып тықпалау оқиғасы да көрініс беріп отыр",- деп атап көрсеті ол.

"Заманауи әлемде кейбір мемлекеттер күш пен өктемдік көрсете сес көрсетуге әдеттенген",- деп қосты Иранның президенті.

М. Ахмадинежадтың атап өтуінше, осы қалыптасқан жағдайлар Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің де мүддесіне қатысты. Ол, "бүкіл халыққа сыйластықпен қатынасу аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың негізі болуға тиіс", деп атап көрсетті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттермен серіктестігін нығайтудың қажеттілігі туралы Ауғанстанның президенті Хамид Карзай да мәлім етті. Оның айтуынша, ұйымға мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты кеңейту Ауғанстанның "экономикалық өркендеуінің негізгі құрамы болып табылады". "Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді",- деп қосты ол.

Карзайдың сөздеріне сүйенсек, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдермен серітестіктерін күшейту аймақтыңлаңкестік және есірткі тасымалы сияқты проблемалармен тиімді күресуге көмектеседі. "Өңір елдерінің тағдыры бір-бірімен сабақтас. Аймақтың экономикалық тұрғыдан ауқаттылығы Ауғанстанның тек тұрақты дамуы барысында ғана мүмкін болады",- деді президент.

Сондай-ақ, Х. Карзай Ауғанстанның "Орта және Оңтүстік Азия арасындағы көпір" бола алатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны