18.10.2010, 17:26 4373

Иран тұрғынының ұрлық жасағаны үшін қолы кесілмек

Иран тұрғынының ұрлық жасағаны үшін қолы кесілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - қазан. Kazakhstan Today - Иран тұрғынының ұрлық жасағаны үшін қолы кесілмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

Жазаға тартылып отырған азамат сот төрелігіне 2010 жылдың мамыр айында түскен. Оның көлігін тоқтатқан полицейлер көліктен 900 АҚШ долларын, үш қолғап және көп мөлшерде шоколад пен какао тапқан. Иесі оларды қайдан алғандығын жөнді түсіндіре алмаған, ал кейінірек аталған заттарды ұрлап алғандығы белгілі болған.

Тәтті құмар азамат екі қолынан айырылып қана қоймай, жазасын абақтыда жалғастырмақ. Ол дүкенге шығын әкеліп, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін жарты жыл түрмеде отырады.

Шариғат дінін ұстанатын Ислам Республикасында ұрлық істегені үшін екі қолық кесу кеңінен тараған жаза болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны