19.04.2007, 16:08 3176

Иранда ядролық қару жоқ және де оны иемденуге құлықсыз - экс-президент Хатами

АЛМАТЫ. 19 - сәуір. Kazakhstan Today. Иранда ядролық қару жоқ және оны иемденуге құлықсыз. Бұл туралы бүгін Алматыдағы VI Еуразиялық медиа-форумда сөз алған Иранның экс-президенті Мохоммад Хатами мәлім етті.

"Иран ядролық қарудың болғанын қаламайды және де ол туралы ойламайды да. Иран ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің мүшесі болып табылады және де Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бақылауында",- деді М. Хатами.

Сонымен қатар Иранның экс-президенті, Иран атом технологиясын пайдалануға толық құқылы деп санайды. "АҚШ, Ресей, Жапония және басқа да елдер ядролық энергиясын пайдалануға құқылы, ал бізде неге ондай мүмкіндік жоқ?",- деген сұрақ қойды ол.

М. Хатами, халықаралық қоғамдастық Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдап отырса, "онда келіссөздер арқалы бұл проблеманы шешу керек" деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны