07.03.2012, 11:19 3507

Иранда жоғалған адам туралы қандай да бір хабар бергені үшін 1 миллион доллар сыйақы беріледі

АҚШ-тың ФТБ басшысы Роберт Мюллер, Иранда осыдан 5 жыл бұрын жоғалып кеткен АҚШ азаматының қайда екені жөнінде қандай да бір ақпарат берген адамға 1 млн. АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Иранда жоғалған адам туралы қандай да бір хабар бергені үшін 1 миллион доллар сыйақы беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-тың ФТБ басшысы Роберт Мюллер, Иранда осыдан 5 жыл бұрын жоғалып кеткен АҚШ азаматының қайда екені жөнінде қандай да бір ақпарат берген адамға 1 млн. АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді.

Дегенмен бұл ақпарат көзі ол адамды тауып, отанына қайтаруға ықпал етуге шамасы барларға ғана берілмек. Бұл жердегі әңгіме Бюроның агенті Боб Левинсон туралы болып отыр. Ол Иранның Киш аралында жүрген кезде жоғалып кеткен көрінеді. Жұма күні оның хабарсыз кеткеніне 5 жыл толады. ФТБ басшысы Левинсонның отбасына қолдау білдіріп, олардың көңілін жұбатты және агент тірі болуы мүмкін деген үмітін білдірді.

2010-шы жылы Левинсон электронды потша арқылы америкалықтарға хабарласып көмек сұраған көрінеді. Дегенмен ол өзінің қайда екенін айтпаған. Бұл турасында жақында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны