19.04.2007, 14:20 2696

Иранның экс-президенті Хатами VI ЕАМФ қатысушылармен сәлемдесті

АЛМАТЫ. 19 сәуір . Kazakhstan Today. Иранның экс-президенті Мохаммад Хатами VI Еуразиялық медиа-форумға қатысушалырмен сәлемдесті , деп хабалайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақпаратты ғасыр -ол білімге негізделген ғасыр ,-деді Хатами. -Мәдениеттің күрделі мәселелеріне сүйенген пікір алмасуға талпыну , саяси диалог жүргізуге талпыну, күшіне сенген саяси топтардың халықаралық қатынастарды реттеу мүмкіндіктерін жіберіп алғанын аңғартады. Шынайы әлемде жаңа халықаралық тәртіпті тек мәмілеге қол жеткізу арқылы орнатуға болады". Оның пікірінше, қазіргі заманда нағыз мәміле халықтың санасына қысым жасайтын жәй ғана көзбояшулыққа ауыстырылған.

" Үлкен ғылыми мүмкіндіктерге қарамастан мәдени саладағы диолог жолында шарасыздық бар. Біздің әлем мәдени білімсіздік пен саяси қайшылықтардан адасуда. Шығыстың Батысты және керісінше Батыстың Шығысты түсінуі бұрмалануда. Бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан ақпарат өз деңгейінде жетпейді",-деді М.Хатами . Оның айтуынша, "БАҚ өзгелерді естіп, түсіну үшін қолайлы жағдай жасауы керек, шынайы ақпарат таратуы тиіс, күштің логикасынан алшақтауы қажет".

Экс-президенттің пікірінше, " адамгершіліктің жалпы нормасын нақтылап, күш пен билікті осы принциптерге бағынуға мәжбүр ететін БАҚ этикасына байланысты жаңа диалог бастау қажет". "Егер адамзат тұрақты өмірде , адамгершілік қағидаларды қажет ететін болса, онда берік, ұлттық және халықаралық заңдар мен тәртіптерді іске қосу керек. Демократиялық құндылықтарды қорғау қажет. БАҚ -тың заң аясында жаңашыл этикасын дамытып, халықаралық өкілеттігін күшейту керек",-деп атап өтті Мохаммад Хатами.

Оның айтуынша, нақ осы Еуразия көне цивилизацияның түйісетін нүктесі болып табылады. Оны коммуникация және қарым - қатынас нүктесіне айналдыру қажет.

Айта кетейік, бүгін Алматыда халықаралық саясат және құқық, Ирак проблемасы жөнінде пікір алмасып, еуразиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап беру үшін әлемдік саясаткерлер, ғалымдар мен журналистердің басын қосқан VI Евразиялық медиа-форум жұмысын бастады, ол үш күнге созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны