25.05.2010, 18:11 3030

Иранның ҰҚШҰ-ға мүшелікке өту мәселесі қойылып отырған жоқ - Бордюжа

Иранның ҰҚШҰ-ға мүшелікке өту мәселесі қойылып отырған жоқ - Бордюжа

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Иран Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен белсенді ынтымақтастық орнатуда, алайда елдің ҰҚШҰ-ға мүшелікке өту мәселесі қойылып отырған жоқ. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

"Иран біздің операцияларға, мәселен, заңсыз есірткі айналымымен, ауған есірткісінің трафигімен күрес операцияларына белсене атсалысады. Біз жақсы ықпалдастық орнаттық, бірақ бүгінгі күні Иранның ҰҚШҰ-ға мүшелікке өту мәселесі қойылып отырған жоқ", - деді Н. Бордюжа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны