19.04.2010, 13:58 2539

Іс басындағы ЕҚЫҰ төрағасы Бішкекке барады

Іс басындағы ЕҚЫҰ төрағасы Бішкекке барады

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Іс басындағы ЕҚЫҰ төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев

20 сәуірде бір күндік сапармен Бішкекке барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ. Саудабаев Қырғыз Республикасының уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отунбаевамен, уақытша үкіметтің мүшелерімен, сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Кездесулер барысында елдегі саяси ахуал мен ықпалдастық жолдары, ЕҚЫҰ тарапынан көрсетілетін көмек мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ, АҚШ, Ресей, Германия, Түркияның дипломатиялық миссияларының, Еуропалық Одақ пен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдерімен кездесулер өтпек.

"Сапар қорытындысы бойынша Қ. Саудабаев баспасөз мәслихатын өткізеді", - деп хабарлайды СІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны