16.06.2008, 17:44 3204

Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның мұсылман елдерімен ынтымақтастық перспективасы талқыланады

Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның мұсылман елдерімен ынтымақтастық перспективасы талқыланады

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстанның мұсылман елдерімен ынтымақтастық перспективасы талқыланады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Уганданың Кампала қаласында 18-20 маусымда Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің 35-ші кеңесі өтеді, оған сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған қазақстандық делегация қатысады",- деді Е.Ашықбаев.

"Кеңесте мұсылман елдердің саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері қарастырылады",- деді ол.

ҚР СІМ өкілінің айтуынша, мұсылман елдерінің дипломаттары Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымы сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесін өткізу өтінімін, сонымен қатар еліміздің 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын өткізу өтінімін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны