18.01.2010, 18:22 2760

Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылығы ұйымға мүше елдерден өркениетаралық және дінаралық үнқатысу бойынша 2010 жылға жоспарланған шаралардан Қазақстан жағын хабардар етуін өтінуде

Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылығы ұйымға мүше елдерден өркениетаралық және дінаралық үнқатысу бойынша 2010 жылға жоспарланған шаралардан Қазақстан жағын хабардар етуін өтінуде

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылығы ұйымға мүше елдерден өркениетаралық және дінаралық үнқатысу бойынша 2010 жылға жоспарланған шаралардан Қазақстан жағын хабардар етуін өтінуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылды Мәдениеттер арасындағы ықпалдастықтың халықаралық жылы болып жариялауына орай Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылығы аталмыш қауымдастыққа қатысушы үкіметтерге дінаралық және өркениеттаралық үнқатысу шараларын қарқындандыру қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді.

Ұйымның бас хатшылығы өркениетаралық және дінаралық үнқатысуды жандандыру ісінде Қазақстанның бірегей қызметін мойындай отырып, ұйымға мүше мемлекеттер де өздерінің 2010 жылы аталмыш салада жоспарланған шаралары туралы Қазақстан жағын хабардар етуін өтінуде.

Ислам конференциясының Сыртқы істер министрлер Кеңесінің келесі төрағасы ретінде Қазақстанның сайлануы, беделді ұйым тарапынан біздің мемлекетке деген жоғары дәрежелі сенімді дәлелдейді. Қазақстан аталмыш төрағалыққа жоғары мән береді және оны Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төраға қызметі шеңберінде атқарылып келетін әрекеттердің аса пайдалы жалғасы ретінде қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны