03.09.2007, 16:50 2824

Ислам конференциясы ұйымының Бас хатшысы алғаш рет ресми сапармен Қазақстанға келмекші

Ислам конференциясы ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы Қазақстан Республикасына алғаш рет ресми сапармен келеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3-қыркүйек. АСТАНА. Ислам конференциясы ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы Қазақстан Республикасына алғаш рет ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

СІМ өкілінің нақтылауынша, сапар 4-7 қыркүйек аралығына межеленген.

"Сапар барысында Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігімен, Ислам Конференциясы ұйымымен және Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығымен бірлесіп, 4-7 қыркүйек аралығында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында "Ислам өркениеті Орталық Азияда" атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді".

"Бұл іс-шараға 22 мұсылман және батыс мемлекеттерінің өкілдері қатысады деп жоспарлануда",- деді Е.Ашықбаев.

Конференция барысында Орталық Азиядағы ислам өркениеті дәстүрлеріне арналған этнографиялық көрме өткізілмек.

Конференцияның күн тәртібіне пленарлық мәжілістердің бірі ретінде өркениетаралық диалогты дамыту мәселесі енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны