25.06.2007, 17:06 2888

Испания Королі 29 - 30 -маусымда ресми сапармен елімізге келеді

АСТАНА. 25 -маусым. Kazakhstan Today. Испания Королі І Хуан Карлос 29 - 30 -маусымда ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сапар барысында ел басшылығымен кездесулер межеленген. Олардың барысында екі жақты экономикалық және саяси ықпалдастықтың жай-күйі талқыланады",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны