10.04.2007, 14:10 3488

Испания королі елімізге сапармен келмек

АСТАНА. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Испания королі І Хуан Карлос елімізге сапармен келмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Испания королі мен үкімет басшысы Қазақстанға келіп қайтуға шақыру алды, біз енді осы сапарлардың тиімді уақытын анықтауға тиіспіз",- деді бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қазіргі төрағасы - Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте.

Оның айтуынша, "екі ел арасында аса қарқынды, өте тамаша әрі оң сипаттағы қарым-қатынас орнаған".

Ресми мәліметке сәйкес, 2006-жылы Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 1,048 млрд АҚШ долларын құрап, 2005-жылғымен салыстырғанда 94 процентке өсті. 2006-жылы Қазақстан экономикасына жұмсалған Испания инвестициясының көлемі 56 млн АҚШ долларына жетсе, Испания экономикасына салынған Қазақстанның инвестициясы 77 млн долларға жетті. Қазақстанда Испания капиталының қатысуымен құрылып, түрлі салада істеп жатқан 23 бірлескен кәсіпорын бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны