16.09.2010, 14:01 4269

Ыстамбулда Қазақстан мен Түркияның президенттері алда өтетін Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммитіне қатысты мәселелерді талқылады (толықтырулармен)

Ыстамбулда бүгін Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның президенті Абдулла Гүлдің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 16 - қыркүйек. Kazakhstan Today -Ыстамбулда бүгін Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның президенті Абдулла Гүлдің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-Саммиті аясында Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Кездесу барысында мемлекет басшылары Саммиттің күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде және жан-жақты ынтымақтастық жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Тайип Ердоған кездесті. Кездесуде экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ертең ҚР президенті Н. Назарбаев саммит жұмысына қатысып, баяндама жасайды.

Бұрын хабарлағанымыздай, 15 - 16 қыркүйек күндері Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы саммиті өтеді, оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

"Алдағы форум барысында әлемнің түркітілдес мемлекеттерінің басшылары жалпы мүдделік танытатын өңірлік және халықаралық проблемаларды, сонымен қатар Түрік кеңесінің Хатшылығы мекемесі мен оның басшылығына қатысты мәселелерді талқылайтын болады. Сонымен қатар, іс-шара аясында Н. Назарбаевтің бастамасымен 2010 жылдың мамырында Түркия президенті Абдулла Гулдің ресми сапары барысында Астана қаласында ашылған Дүниежүзілік түрік академиясының жұмысына қатысты пікір алмасады",- деп хабарлады ҚР СІМ.

Саммитке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Изірбайжан Республикасының Президенті Илһам Илиев, Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады.

"Саммиттің қорытындысы бойынша Түркітілдес мемлекеттердің декларациясы қабылданады",- деп хабарлады СІМ ресми өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны