05.08.2011, 11:36 3504

Италиялық компаниялар Қарағандыда панельді радиаторлар өндіретін бірлескен кәсіпорын құруды көздеп отыр

Италиялық "De Longhi" компаниялар тобының басшысы Джузеппе Делонг Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовпен кездесу кезінде бірлескен кәсіпорын құруға қызығушылық танытып отырғандары жөнінде мәлімдеді. Ол, бірінші кезекте, тасымал мәселесіне көңіл аударды. Өйткені, панельді радиаторлардың қосалқы бөлшектерін Италиядан жеткізу жоспарланып отыр.

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - Италиялық компаниялар Қарағандыда панельді радиаторлар өндіретін бірлескен кәсіпорын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Италиялық "De Longhi" компаниялар тобының басшысы Джузеппе Делонг Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовпен кездесу кезінде бірлескен кәсіпорын құруға қызығушылық танытып отырғандары жөнінде мәлімдеді. Ол, бірінші кезекте, тасымал мәселесіне көңіл аударды. Өйткені, панельді радиаторлардың қосалқы бөлшектерін Италиядан жеткізу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде С. Ахметов өндірістерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жөнінде әңгімеледі. Икім сондай-ақ, жақында индустриялық парк құрылатынын да жеткізіп, оның іске асуына бюджеттен 200 млн АҚШ доллары бөлініп отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны