30.06.2009, 15:14 3216

Израиль Қазақстанды өзінің үлкен досы деп санайды -Перес

Израиль Қазақстанды өзінің үлкен досы деп санайды - Перес

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Израиль Қазақстанды өзінің үлкен досы деп санайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Израиль президенті Шимон Перес Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мен Қазақстанға ресми сапармен келген Израильдің бірінші президенті болғаныма қуаныштымын. Өйткені біз Қазақстанды Израиль мемлекетінің тамаша досы деп есептейміз", - деді Ш. Перес Н. Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Оның айтуынша, шағын құрамдағы келіссөздер барысында ғылым мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың тұтастай бағыты талқыланған. "Біз ең алдымен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, озық инновациялық технологиялар және басқа да салалардағы ынтымақтастықты талқыладық", - деді Израиль президенті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев: "Өткен жылы тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті. Ал 2009 жылдың қаңтар- сәуір айларында ол 346 млн долларды құрады. Бұл біздерде мол перспектива бар екенін білдіреді. Менің ойымша, Қазақстан мен Израильдің Сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссия біздің бірлескен жұмысымыздың өзара пайдалы нүктесін табу үшін жұмыс істеуі тиіс. Сіздің сапарыңыздың аясында көзделген қазақ-израиль бизнес-форумы бірлескен жұмыс үшін қосымша жағдай жасайтынына сенімдімін. Сіздің сапарыңызды пайдаланып, қолдауға ие болғымыз келеді", - деді Н. Назарбаев Ш. Переске қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны